СҚО әкімдігіАптадағы маңызды жаңалықтар

Облыстық әкімдікте экспорт мәселесі талқыланды

Облыстық әкімдік қабырғасында селекторлық отырыс өтті. Жиында экспортты дамыту мәселесі қаралды. Облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиевтің айтуынша индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының маңызды міндеті – бұл дайын өнімді әлемдік нарыққа көптеп шығару. Өңіріміз бидай мен ұнды сыртқы нарыққа шығарады. Ал соңғы жылдары ет өнімдері мен макарон өнімдерін экспорттаудамыз. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірдің экспорт көлемі 472,1 млн-ды құраған екен. Жалпы көлемнің 35% өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Қазіргі таңда облыста экспортпен 80-ге жуық кәсіпорын айналысады.

СӘТЖАН АБЛАЛИЕВ, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:

– “Qyzyljar” АЭА шеңберінде экспортқа бағдарланған кәсіпорындар белсенді дамып, өз жобаларын іске асыруда. Трансформаторлық жабдықтар өндірісі іске қосылды. Экпорт көлемі 98% құрайды. Айта кеткен жөн, экспорт шығынын өтеуде қиындықтар кезігуде. Өнімді экспорттау мен өткізуде қағазбастылық көп. Ұн тартатын кәсіпорындардың мәселесі шешілмей келеді. Нарық импорттық өнімдерге толы.

 

Алдияр Айтпаев