Қоғам

Мамандар балаларға суда жүзуді үйретті

Жаз – демалыс кезеңі. Жайма-шуақ мезгілде көпшілік өзен-көлдерде уақыт өткізеді. Алайда, олардың кейбірі жүзу білмеуі мүмкін. Бұл адам өмірі үшін өте қауіпті. Осыны ескеріп құтқарушылар арнайы науқан бастады. Қазір су суық болғандықтан мамандар “Нептун” аквапаркін таңдапты. Мұнда балалар мен жасөспірімдер суда жүзуді және алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйренеді.

ТЕМІРХАН САҒЫНДЫҚОВ, қалалық ТЖБ азаматтық қорғаныс тобының офицері:

– Өткен жылдардағы статистикаға сүйене отырсақ, балалардың суға батуы жүзу білмеуінің кесірінен болған. 2022 жылы балалардың суға батуы туралы фактілер тіркелген жоқ, ал 2021 жылы 1 жағдай тіркелген болатын.

Танымдық сабақты “Нептун” аквапаркінің қызметкерлері өткізуде.

ИЛЬЯ БАБИЧЕНКО, демалыс орнындағы жедел-құтқару жасағының құтқарушысы:

– Мұндай сабақтарды балаларға жиі өткізіп тұрамыз. Қауіп туындаған сәтте абдырап қалмау керек. Сіңір тартып қалса, массаж жасап, ақырындап жүзуді жалғастыра берген жөн. Кәмелетке толмаған балаларды су жағасына ата-аналарының қарауынсыз жібермеу керек.

Қала бойынша шомылуға рұқсат етілген 2 орын бар. Олар: қалалық жағажай мен Пестрое көлі.