Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар ағымдағы жылы республикалық бюджеттен шамамен 162 млрд теңгені құрады.

Қазақстанда мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар ағымдағы жылы республикалық бюджеттен шамамен 162 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерге шамамен 19,9 млрд теңге төледі.

1 мамырға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны шамамен 533,1 мың адамды, ал асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – 195,6 мың адамды құрайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жәрдемақылардың мөлшері әртүрлі факторларға, соның ішінде топ пен мүгедектіктің себебіне, асырауындағы адамдардың санына және т.б. байланысты екенін атап өтті. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жәрдемақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуіне байланысты 8,5% – ға өсті. Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер алады.

Жалпы, еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 33 337 теңгені, ал асыраушысынан айырылу бойынша – 34 384 теңгені құрайды.