Қоғам

90 жасқа толған ардагер ерекше құттықтау қабылдады

Бүгін ҚР Ұлттық ұланына қарасты 6637 әскери бөлімінің ардагері Виктор Лахтин 90 жасқа толды. Мерейтой иесін ізбасарлары оркестрмен құттықтай келді.

Виктор Лахтин – тыл ардагері. Ел өміріндегі аса күрделі күндер артта қалғасын ол бұрынғы Германия, қазіргі Польша жерінде әуе қорғанысы күштерінде бірнеше жыл қызмет етіпті. Міндеті аспанды кірпік қақпай бақылау болған екен. Жалынды жігіт 60-шы жылдардың соңында Петропавлға оралады. Мұнда 6637 әскери бөліміне автомобиль взводының командирі қызметіне жұмысқа тұрады. Сол жерден зейнетке шығады. Қария бөлім басшылығының ұмытпай, құттықтай келгендеріне дән риза.

ВИКТОР ЛАХТИН, ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімінің ардагері:

– Мұндай құттықтау болады деп кім ойлаған. Үлкендерді ұмытпау – зор құрметтің белгісі. Көзіме жас та келді. Ұжымға шексіз алғысымды білдіремін. Ел дамуы жолында аянбай еңбек ете берсін.

Салтанатты құттықтау барысында сөз алғандар қарияға ғасыр жасауды тіледі.

 

Байболат Култанов