Қоғам

Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі анықталды

Петропавлда “Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі” конкурсының ақтық кезеңі өтті. Биыл дәстүрлі шара сәуірде бастау алды. Алдымен аудандық кезеңнің жеңімпаздары анықталды. Топ жарғандар бүгін облыс орталығында бас қосып отыр. Олардың мүміндіктерін арнайы құрылған қазылар алқасы сұрақтар қойып тексермек.

ЕЛЕНА СТЕПАНЕНКО, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Байқауға қатысуға 26 адам өтініш берді. Біз оларға тапсырма жолдадық. Үміткерлердің шағын қаларды дамыту және халықтың көшуін азайту бойынша ұсыныстарын білдік. 12 қатысушы іріктеліп алынды. Бүгін 2 жеңімпазды анықтаймыз. Олардың облыс намысын республикалық кезеңде қорғамақ.

Жеңістен үмітті жанның бірі – Шолпан Қуанғанқызы. Мемлекеттік қызметте 15 жылдық тәжірибесі бар азаматша Уәлиханов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарады.

ШОЛПАН ҚУАНҒАНҚЫЗЫ, Уәлиханов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары:

– Халықтың әлеуметтік мәселесін шешуге тырысамыз. Мүгедектігі бар адамдармен, қарттармен жұмыс істейміз. Жұмысым өзіме ұнайды.

“Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі” байқауының республикалық кезеңі келесі айда өтеді. Жеңімпаздың есімі маусымның 23-ші жұлдызында жария етілмек.

 

Байболат Култанов