Мәдениет

Халықаралық музей күніне арналған танымдық шара

Мамырдың 18-і күні халықаралық деңгейде музей күні тойланады. Музей – тарихтың айнасы, ұлттық қазынаның ошағы. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында бүгінде 350 мың жәдігер бар екен. Келесі жылы 100 жылдығын тойланғалы отырған музейдің негізі 1924 жылы қаланыпты.

ҒАЛИЯ БЕРДАҒҰЛОВА, облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі:

– Жалпы, біздің музейімізде 13 зал бар. Әрбір залдың ішіне фондтан ерекше тарихы бар экспонаттарды шығарып қойдық. Әрбір залда қызықты экспонаттар бар. Мысалы, 1-ші залда мамонт сүйектері көрсетілген. Әрі қарай қарғаның, бірқазанның, нуклеустардың экспонаттары қойылған. Ал екінші қабатта батырлардың қару-жарақтары мен қалқандары бар.

Музей мамандарының айтуынша ең құнды саналатын жәдігерлердің бірі – Ботай мәдениеті мен Қызыл Оба қорымынан сыр шертетін дүниелер. Мұнда барлық тарихи кезеңдер ескеріліп, көне кезден қазіргі кезге дейінгі аралық жәдігерлермен көрсетілген. Тарихты білмей болашақты болжау мүмкін емес. Музейге келген жастар осындай пікірде.

– Бізге көптеген эскпонаттарды көрсетті. Маған ең ұнағаны ата-бабаларымыздан қалған бұйымдар, әшекелейлер, қару жарақтар болды. Тіпті, таңқалдық.
– Маған қатты ұнаған жануарлар бөлімі болды.
– Маған музейге жиі келген ұнайды. Себебі, бұл-менің тарихым. Мен оны білуім керек.

 

Аснурия Абдула