Құқық қорғау органдары

Көшеден патрон салынған пакет табылды

Петропавл тұрғыны Ғ.Мүсірепов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында оқ салынған пакет тауып алды. Ол дереу полицияға қоңырау шалып, жағдайды хабарлапты. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы иір ойықты қаруға арналған 11 патрон тәркілеген. Арнайы сараптама кезінде табылған дүниенің жарамды екені анықталған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полицейлер оқтың иесін анықтауда. Айта кету қажет, тегіс ұңғылы аңшылық қарудан басқа қаруды және оқ-дәрілерді заңсыз сақтау 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салудан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін әкеп соғады.

 

Байболат Култанов