Қоғам

Қазақстанда жұмыссыз жастардың саны 118 мыңнан асқан

Ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанда жұмыссыз адамдардың саны 453 мыңнан асқан. Бұл – жалпы халықтың 4,8 пайызы, деп хабарлайды LS ақпараттық порталы. Ұлттық статистика бюросы ұсынған дерекке сүйенсек, 97 мың отандасымыз отбасылық жағдайларға байланысты жұмысқа тұрмапты. Шамамен осынша адам екі қолға бір күрек таба алмай жүр екен. Ал 94 мың қазақстандық өз еркімен арыз жазып, қызметтен кетіпті. Тұрақты табыссыз жүрген жандардың 118 мыңнан астамы – 25 пен 35 жас аралығындағы адамдар. Өңірлерге тоқталсақ, жұмыссыздық бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Мұнда 53 мың тұрғын жұмыссыз. Ал Абай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жұмыссыздар саны 10 мыңның үстінде болғанымен өзгелеріне қарағанда аздау болып саналады екен.

 

Байболат Култанов