Құқық қорғау органдары

СҚО-да 10 адам “жылдам табыс табуды” уәде еткен алаяқтардың арбауына түскен

21 жастағы петропавлдық тұрғын қулардың арбауына түсіп қалды. Жас жігіт YouTubе желісінен табысқа жетелейтін жарнама көріп, таратушы ірі мұнай компаниясы болғандықтан сеніп қалған. Алаяқтар “биржада ақша кенелесің” деп уәде берген көрінеді. Ақшақа қарқ боламын деген жігіт инвестиция ретінде 950 мың теңге салған. Құрыққа түскен қала тұрғынына “миллион теңге сал” деген желеумен қазақстандық нөмірлермен қатар, британдық нөмірлерден де тынымсыз қоңырау түскен екен. Жігіт ақыры соңында алданғанын түсінеді. Айта кетейік, жыл басынан бері 10-нан астам солтүстікқазақстандық интернетте “жылдам табыс табуды” уәде еткен алаяқтарға жем болған.

 

Аснурия Абдула