ТЖ

Өрт қауіпсіздігі ережелері балаларға қойылым арқылы түсіндірілді

Есіл ауданының құтқарушылары балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін қойылым арқылы түсіндіріп берді. ТЖБ қызметкерлері А.Пушкиннің «У Лукоморья» ертегісін негізге алған.
Мамандар ұл-қыздарға отпен абай болу қажеттігін мысық пен мыстан кемпірді мысалға келтіре отырып жеткізген. Балалар кейін жұмбақтарға жауап беріпті. Өрт сөндірушілердің айтуынша қауіпсіздік техникасы қойылыммен көрсетілсе, ол баланың есінде ұзақ сақталады.

 

Самал Жунусова