Kurultai banner mobile

Қоғам

Жол апатына себепші болған жылқының иесі жауапкершілікке тартылды

Айыртау ауданында көлікпен келе жатқан ер адам жылқыға соғылған. Оқиға мамырдың 12-сіне қараған түні «Еленовка-Чистополье» бағытындағы жолда болды. Полицейлердің хабарлауынша, жануар трассаға кенеттен шығыпты. Темір тұлпардың ішінде Көкшетау қаласының тұрғыны жиенімен болған екен. Абырой болғанда екеуі де аман, көлікке зақым келген. Жылқы сол жерде мерт болған. Тергеп-тексерулердің нәтижесінде малды еркін жайылымға жіберген иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Жалпы, өңірімізде жыл басынан бері төрт түлікті қараусыз жіберген 722 адам жауапкершілікке тартылған.

 

Гульден Симбаева