Ауыл шаруашылығы

Өңірде егін егу науқаны басталды

Өңір аграрийлері егін егу жұмыстарына кірісті. Ылғал жабу шаралары 4,4 млн гектар жерде жүргізілген. Егін егу аумағы 4,5 млн гектарды құрайды. Оның басым бөлігіне дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар себілмек. Майлы дақылдарға арнайы 960 мың гектар бөлінген. Жемшөп 353 мың гектар аумақты қамтиды. Қалғаны көкөніске арналып отыр. Биыл күнбағыс пен жасымық егілетін алқап ұлғайтылды. Алдағы уақытта егілген жерлерге 200 мың тонна минералды тыңайтқыш себу жоспарланып отыр.

 

Алдияр Айтпаев