Ауыл шаруашылығы

Ауылшаруашылық жәрмеңкеде 5 жарым тоннадан астам өнім сатылды

Сенбінің таңы. «Алтын арман» базарында – ұзын-сонар кезек. Мұнда дәстүрлі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Қала тұрғындары көптеп келуде. Айтуларынша, азық-түлікті осындай жәрмеңкеден алған анағұрлым тиімді, өйткені, арзан, табиғи таза әрі сапалы.

– Азық-түлікті осындай жәрмеңкеден алуға тырысамын. Жиі болып тұрса екен.
– Ірімшік пен жұмыртқа алу үшін келдім. Тағы қараймын. Дүкендегіне қарағанда мұнда анағұрлым арзан.
– Сүт алдым. Енді ірімшік аламын. Бәрі де табиғи таза. Денсаулыққа пайдалы. Ауыл өнімдерінің молдығына қарап риза болып жүрмін.))

Экологиялық таза өнімдерді өңірдің 6 ауданы ұсынып отыр. Нақтырақ айтсақ, Шал ақын, Қызылжар, Тайынша, М. Жұмабаев, Аққайың және Айыртау. Соңғы аталған аудан тұрғындары саудаға дені ет, сүт, ірімшіктен тұратын 400 тонна өнім әкеліпті. Сатушылардың айтуынша, сауда қызу жүріп жатыр.

НАТАЛЬЯ ВОЙТЕНКО, сатушы, Айыртау ауданы:

– Құс пен сиыр етін, сүт өнімдері және жұмыртқа әкелдік. Ірімшіктің келісін 800 теңгеден сатып жатырмыз, негізі дүкенде 950 теңге тұрады екен. Өзіміздің осында тұрақты сатып алушыларымыз бар. Олар үнемі жәрмеңкеге келіп, бізден азық-түлік алып тұрады.

Жәрмеңкеде азық-түлік дүкендегі бағадан 15-20 пайызға арзанған сатылады. Сенбідегі саудада етке деген сұраныстың басым екенін байқадық. Бұл күні сиыр еті орташа алғанда – 2100, жылқы етінің келісі 2700 теңгеден сатылды. Ауылшаруашылық жәрмеңке “Алтын арманнан” басқа «Дария» мен «Қызылжар Ақбастау» базарларында да ұйымдастырылды. Бейінді басқарма берген мәлімет бойынша барлығы – 5 жарым тоннадан астам өнім сатылған. 6 жарым млн теңгеден астам соманың саудасы жасалған.

 

Самал Жунусова