Құқық қорғау органдары

Жуырда ғана ашылған дүкенде арақ-шарап рұқсатсыз сатылған

Сататын ішімдігі бар, бірақ оны сатуға рұқсат ететін қағазы жоқ. Жуырда Қызылжар ауданында жаңа дүкен ашылған. Тәртіп сақшылары сауда үйіне арнайы тексеріспен барып, тиісті құжаттарын сұрайды. Нысан иесінде ешқандай құжат болмай шықты.
Нәтижесінде дүкеннен 70 литр арақ-шарап тәркіленіп алынды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабы бойынша жиналған материал сотқа жіберіледі. Кәсіпкерге 25 АЕК – 86 мың теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Айта кетеік, бұл Қызылжар ауданында тіркелген жалғыз жағдай емес. Бұған дейін тағы бір ауылдан лицензиясыз саудаланған 125 литр алкоголь тәркіленген болатын. Жалпы, жыл басын бері облыста заңсыз айналымнан 3 мың литрге жуық ішімдік алынып тасталды.

 

Самал Жунусова