Құқық қорғау органдары

Телефон алаяқтары көбейіп барады

8-ші және 9-шы мамыр. Осы екі күннің өзінде өңірде телефон-алаяқтыққа қатысты 13 факті тіркелген. Қулар негізінен 2 тәсіл қолданады. Әуелі өздерін полиция немесе медицина қызметкері деп таныстырады. Сосын жақындарыңыз жапа шегіп қалды деп айтады. Мәселені шешу үшін ақша сұрайды. Екінші тәсіл тіптен бөлек. Жәбірленушіге толқып тұрған дауыспен қоңырау шалады екен. Туысының аянышты дауысын естіген жандар сасқалақтап, ақша аударуға келісе кететін көрінеді. Кейде келген шығын көлемі миллиондарға жетуі мүмкін. Полицейлер мұндай қоңырауларға сенбеу қажеттігін айтып дабыл қағуда. Егер осындай жағдайға тап болсаңыз, қоңырау шалушының аты-жөні мен жұмыс істейтін орнын сұрау қажет дейді полицейлер. Сосын сол мекемемен байланысып, ақпараттың растығын анықтаған жөн.

 

Аснурия Абдула