Экология

“Таза су айдындары” акциясы өтуде

Облыста “Таза су айдындары” акциясы өтуде. Шараға өңіріміздің 60-қа жуық табиғат жанашыры ат салысып, белсенділік танытып жатыр. Бүгінгі науқанға облыстық экология департаменті, балық шаруашылығы инспекциясының мамандары мен студенттер қатысты. Олар Есіл өзенінің Қарғалы аралындағы тұсын қоқыстан тазартып жатыр.

АМАНГЕЛДІ ҚАЖЫҒАЛИЕВ, Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы:

– Акция сәуірдің 15-і бастау алды. Сергеев су қоймасы және Пестрое маңын жинадық. Барлығы – 8 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Шаруаға 58 техника мен 150-ден астам адам ат салысты. Жалпы, біздің өңірде 300-ден астам су айдынын жалға алған 154 адам бар. Олар да осы науқанға қатысып жатыр.

Қымбат Хайкенова – Қозыбаев университетінің 3-ші курс студенті. Бұрымды табиғатқа қамқорлықпен қарап, тазалық шарасын жиі ұйымдастырып отыру қажет дейді. Ең бастысы, табиғат аясына шыққанда қоқыс қалдырмау қажет.

ҚЫМБАТ ХАЙКЕНОВА, Қозыбаев университетінің студенті:

– Ерікті, өз қалауымызбен бұл науқанға қатысуды жөн көрдік. Мұндай акцияларды ұйымдастыру өте жақсы.0,28,Табиғатқа шыққанда өздерімен бірге қоқысқа арналған пакеттерді алып жүріңіздер. Себебі, қоқыс өте көп.

Табиғатты қорғау – барша азаматтың парызы. Оны естен шығармаған жөн. «Таза су айдындары» акциясы маусымның 1-іне дейін жалғаспақ.

 

Самал Жунусова