МәдениетҚоғам

Тәртіп сақшылары арасында көркемөнерпаздар байқауы өтті

“Міндет, абырой, ерлік”. Осындай атаумен ішкі істер органы қызметкерлері арасында көркемөнерпаздар байқауы өтті. Солтүстікқазақстандық полицейлер өнерден де кенде емес екендіктерін дәлелдеді. Бірі мың бұрала би билесе, енді бірі тамылжыта ән шырқады. Тіпті, кейбіреуі гитараны шерте отыра жанды дауыста ән айтып, құлақтың құрышын қандырды.

Өнер додасына қатысушылардың бірі – Рауан Бимақанов. Тәртіп сақшысы өз әнімен бойдағы патриоттық сезімді тулатты. Жанды тебірентіп, рухты оятты.

РАУАН БИМАҚАНОВ, СҚО ПД айдауылдау қызметінің полицейі:

– Байқау жақсы өтіп жатыр. Сайыста “Мен қазақтың баласымын” атты әнін орындадым. Қазылар алқасының көңілінен шықты деген ойдамын. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін.

Өңірлік кезеңнің қорытындысы мамырдың 15-і күні белгілі болады. Көп ішінен оза шапқан жеңімпаздар республикалық байқауда Солтүстік Қазақстанның намысын қорғайды. Сондай-ақ, үздік деп танылған әндер алдағы уақытта өтетін концерттерде шырқалады.

 

Аснурия Абдула