Қазақстан жаңалықтары

ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов шағын және орта кәсіпкерлікке көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді

ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов шағын және орта кәсіпкерлікке көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді.

“Екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша нарықтағы орташа өлшенген мөлшерлеме 19,5% -. құрайды. Несиелер бойынша субсидиялау шеңберінде мемлекет сыйақы мөлшерлемесін ШОБ субъектілері үшін 8% деңгейіне дейін төмендетеді. Кепілмен қамтамасыз етудің жетіспеушілігімен байланысты проблеманы шешу үшін ішінара кепілдік беру құралы іске асырылуда”, – деді Тимур Жақсылықов

Сенатта экономиканың нақты секторына кредит беруді кеңейту жөніндегі шараларды талқылау шеңберінде. Оның айтуынша, соңғы 5 жылда шок несиелері 4 трлн теңгеден 6,3 трлн теңгеге дейін өсті.