Ауыл шаруашылығы

Елде 23,4 млн гектар алқапқа дән сіңірілмек

Көктемгі дала жұмысына диқандар 100%-ға дайын. Биыл елде 23,4 млн гектар жерге дән сіңірілмек. Биыл дәнді және дәнді-бұршақты дақыл, жемшөп, күнбағыс және көкөніс егуге арналған алқаптар ұлғаймақ. Іске қажетті тұқымды диқандар толығымен дайындап қойыпты. Қор көлемі 2,3 млн тоннаны құрайды. Өңірлерге бөлінген 419 мың тонна жеңілдетілген дизель отынының бүгінде 284,4 мың тоннасы жөнелтілген. Шығыстарын ескере отырып, фермерлер үшін бір литрі 204 теңге деп белгіленді. Бұл нарықтағы бағадан 3 есеге арзан.

 

Алдияр Айтпаев