ТКШҚоғам

2-ЖЭО-да жаңа түтін мұржасының іргетасын салу жұмысы жалғасуда

2-ЖЭО-да жаңа түтін мұржасының іргетасын салу жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды “Севказэнерго” АҚ баспасөз қызметі. Бүгінге дейін мердігер компания жоғарғы және төменгі арматура бекітілетін 200 темір қаңқа орнатқан. Оған 160 тоннаға жуық металл жұмсалыпты. Қазіргі уақытта мамандар тіректі нығайтумен айналысып жатыр. Жақын арада бетон құю ісі бастау алмақ. Қоса кетсек, арнайы жобаға сәйкес түтін мұржасы конус тәрізді болады. Биіктігі 180 метрді құрайды. Төменгі бөлінің диаметрі – 20,52, ал төбе жағы 9,2 метрді құрамақ. Іске жергілікті “Строй центр Арсенал” серіктестігі жауапты. Келесі айда қалаға өскемендік мамандар келмек. Олар мұржаның құрылысын бастап, монтаждау жұмыстарын жүргізеді.

 

Самал Жунусова