Қазақстан жаңалықтары

Ұлттық тестілеу орталығы талапкерлерді негізгі ҰБТ-ға дайындау үшін тегін сынақ  тестілеу базасын жаңартты

Ұлттық тестілеу орталығы талапкерлерді негізгі ҰБТ-ға дайындау үшін тегін сынақ  тестілеу базасын жаңартты.

Ағымдағы оқу жылында 1,5 миллионнан астам адам осы мүмкіндікті пайдаланып үлгерді. Талапкерлерге орталықтың сайтына кіріп, ЖСН енгізіп, бейіндік пәндердің комбинациясын таңдау жеткілікті. Негізгі ҰБТ 16 мамырдан 5 шілдеге дейін өтеді, ал қатысуға өтініштер 14 мамырға дейін қабылданады. Талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады және ең жақсы нәтижемен гранттар конкурсына қатыса алады.

Әр тестілеуден кейін түлектер әлсіз тақырыптарды көтеруге, сондай-ақ екінші тестілеуге дейін дайындықтарын жақсартуға мүмкіндік алады.