Құқық қорғау органдары

СҚО полицейлері жаңа үлгідегі бейнетіркегіштермен қамтылды

“Цифрлық полицей” жобасы аясында өңір полицейлері жаңа үлгідегі бейнетіркегіштермен жарақтандырылуда. Құрылғы кеудеге тағылады. Мамандар қазіргі уақытта осындай бейнетіркегіштің 260-ын пайдаланып жатыр. Бұның ескісіне қарағанда артықшылығы көп дейді полицейлер. Тың жүйе тәртіп сақшысының жұмысын онлайн бақылауға мүмкүндік береді, яғни кезекшіліктегі қызметкердің бейнежетонына кез келген уақытта жедел-басқару орталығы мен бөлімше басшылары, тіпті, облыстық полиция департаментінің бастығы қосыла алады. Учаскелік инспекторлар, ювеналды және табиғатты қорғау полицейлері құрылғыны хаттама жазу барысында және шақыртуға шыққан кезде қосуға міндетті. Жалпы, бейнетіркеу жүргізу құқықбұзушылық бойынша дәлелдемелік базаны қалыптастыруда және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуда сенімді әдіс болып саналады.

 

Гульден Симбаева