Қоғам

Петропавлда пәтер жалдау ақысы 45,2% көтерілген

Бір жыл ішінде елімізде пәтер жалдау ақысы 30,7% көтерілген. LS ақпараттық порталының хабарлауынша, ең жоғары өсім Көкшетау мен Петропавлда байқалады. Солтүстік Қазақстан облысының орталығындағы баспаналардың бағасы 12 айда 45,2% шарықтаған. Одан кейінгі сатыда Алматы мен Қостанай тұр. Республикада жаңа үйлер де 17,9% қымбаттапты. Екінші деңгейдегі баспаналардың да бағасы төмендер емес. Кересінше, мұнда да өсім байқалады. Соңғы дерекке сүйенсек, ең қымбат тұрғын жай Астанада сатылыпты. Оның шаршы метрі шамамен 602 мың теңгеге бағаланған екен.

 

Байболат Култанов