Қоғам

Петропавлда құны 172 млн теңге тұратын жер мемлекетке қайтарылды

Уәкілетті органдар қолданыстағы ережелерді елемей, пайдалану үшін беруге жатпайтын жер учаскесін аукционнан тыс берген. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлады. Мемлекетке қайтарылған заңсыз аумақтың жалпы көлемі 6,8 га құрайды. Ал құны 172 миллион теңгеге бағаланған. Анықталғандай, төңірек құрылыс салушылардың біріне 2021 жылы көпқабатты тұрғын үйлер салу мен инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін рәсімделген.

 

Байболат Култанов