Құқық қорғау органдары

Мереке күндері полицияның араласуын қажет еткен 600-ге жуық жағдай тіркелді

Мереке күндері «102» арнасына 1700-ден астам арыз-шағым келіп түскен. Оның 600-ге жуығы полицияның араласуын қажет еткен. Жалпы, облыс бойынша түн тыныштығын бұзудың – 36, отбасылық жанжалға қатысты – 26, сондай-ақ, 20-дан астам ұрлық фактісі тіркелген. 46 адам қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін тоқтатылыпты, 200-ден астам жүргізуші жол ережесін бұзған. Соңғы аталған фактілер көшеде тұрған бейнекамералардың көмегімен анықталды. Жалпы, полиция қызметкерлері 4 күн бойы күшейтілген режимде жұмыс істеді. Облыс орталығының өзінде күн сайын қоғамдық тәртіпті 200-ден астам маман қадағалады.

 

Гульден Симбаева