Қоғам

“Мен кәсіпкер” мемлекеттік қолдау құралын іске асыру

Өңірде “Мен кәсіпкер” мемлекеттік қолдау құралы іске асырылып жатыр. Ол 3 бағыттан тұрады. Алғашқысы – “Кәсіпке бағыт”. Оның аясында ісін жаңа бастаған немесе жұмыс істеп жүрген жандар әлеуетін арттыру мақсатында тегін оқытудан өтеді. Бұл жайлы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингінде айтылды.

ӘСЕЛ САМАРАТОВА, СҚО кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы:

– Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы” – бұл кәсіпкер әйелдерге және кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерге қаржылай емес қолдау көрсету алаңы. Мұнда олар стартаптарды ынталандыру, экономикалық белсенділікті арттыру және оқыту бағдарламаларына қатысу үшін бірқатар қызметтерді ала алады.

Бұл – “Мен кәсіпкер” мемлекеттік қолдау құралының екінші бағыты. Оның аясында азаматшаларға ақыл-кеңес беріледі, тіпті, инвестиция тарту да үйретіледі. Жыл басынан бері өңірімізде “Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығын” 110-нан астам нәзікжанды таңдап, өтініш беріпті. Ал, үшінші бағыт ауыл тұрғындарына арналған. Ол жапон тәжірибесіне сәйкес әзірленіпті.

ӘСЕЛ САМАРАТОВА, СҚО кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы:

– Бір ауыл – бір өнім” жобасы ауыл тұрғындарын бизнеске тарту және қажетті өндірістерді ашуға бағытталған.

“Мен кәсіпкер” – кәсіпкерлерді қолдаудың бір құралы. Брифинг қатысушылары іскер жандарды 3 бағыт бойынша білім алып, тәжірибе толықтыруға шақырады.

 

Байболат Култанов