Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығына бағытталған несие көлемі артты

Ауыл шаруашылығына бағытталған несие көлемі артты, деп хабарлайды LS ақпараттық порталы. Ұлттық банк ұсынған дерекке сүйенсек, ағымдағы жылдың 1-ші сәуіріне дейін 400 млрд теңгеге жуық кредит рәсімделген. Бұл 2022-нің сәйкес мерзіміндегі көрсеткіштен 12,8% немесе 45,4 млрд теңгеге жоғары. Облыстарға қатысты ақпармен де бөлісейік. Қаржы ұйымдарына ең көп жүгінген – алматылықтар. Одан кейін қостанайлық шаруалар тұр. Ақмолалық кәсіпкерлер үшінші сатыға жайғасса, солтүстікқазақстандықтар – төртінші орында. Теріскей тұрғындары банктерден 19,8 млрд теңге алған. Ал көш соңында – ұлытаулық және маңғыстаулық іскер жандар.

 

Байболат Култанов