Мәдениет

Жеңіс саябағында ретро-концерт өтті

“Ақ тамақ”, “Іңкәрім-ай, “Туған жер” әндері. Облыс орталығында Жеңістің 78 жылдығына орай ретро-концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Қаламыздың күміс көмей әншілері жерлестерімізге таңнан бері мерекелік көңіл күй сыйлауда.

ЕРДЕН ҚОЖАХМЕТОВ, қалалық мәдениет үйінің әншісі:

– Таңғы бағдарлама нақты Ұлы Жеңіске байланысты концерттік бағдарлама болды, ал қазіргі ретро-концертте – ескі 80-90-шы жылдағы әндер. Қарияларымызға бағытталған мерекелік концерт деп айтсақ болады. Таңғы бағдарламада жүргізуші қызметін атқардым және де Жеңіс күніне арналған әндер де орындадым. Таңнан бері алаң лық толы.

Сахнада – қалалық мәдениет үйінің әншісі Еркежан Мұратхан. Ол таңғы 10-нан бері өнер көрсетуде. Сахнада батыр қыздарымызға арналған “Әлия”, “Мәншүк” әндерін орындауда.

ЕРКЕЖАН МҰРАТХАН, қалалық мәдениет үйінің әншісі:

– Бүгін осы мерекелік шарада “Әлия”, “Жеңіс күні”, “Бейбітшілік” сақталады деген әндерді репертуарымнан орындадым. Елімізде мәңгі бейбіт күн болсын. Бәріміз бірлікте, достықта өмір сүрейік.

Жеңіс оңай келген жоқ. “Тарихын білмеген адамның болашағы жоқ”,- дейді қала тұрғындары. Сол себепті, жаумен арпылысып, ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған азаматтарды ұмытпау қажет.

– Атам соғысқа қатысқан болатын. Ол майданнан жарақатпен оралды. 1988 жылы қайтыс болды. Енді соғыс болмасын!
– Әкемнің ағасы Қанаш 4 жыл соғыста болып Берлинге дейін барды. Рейхстагта өз атын жазып қалдырған адам.

Ретро-концерт бірнеше сағатқа созылды. Жұртшылық 70-80-ші жылдардың әндерін тыңдап бір серпіліп қалды.

 

Гульден Симбаева