Қоғам

Саумалкөл ауылында жол жөнделуде

Жөнделіп жатқан көше – Саумалкөл ауылындағы Янко көшесі. Ұзындығы 3 км-ден асады. Жол салу жұмысына 10 адам жұмылдырылған.

ЕРМЕК ҚАСЫМҒАЛИЕВ, Володар ауылдық округінің әкімі, Айыртау ауданы:

– 2021 жылы конкурсқа қатысқанбыз. Биыл 150 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстарын бастадық.

Саумалкөл ауылында барлығы – 71 көше бар. Оның 30% жөнделген. Айта кетейік, 2019 жылы аудан орталығында 16 көше жөндеуден өткен.

ЕРМЕК ҚАСЫМҒАЛИЕВ, Володар ауылдық округінің әкімі, Айыртау ауданы:

– Қазіргі таңда конкурсқа құжат тапсырдық. 3 мың квадратураға жуық ұзындықта шұңқырларды жою жұмысы басталатын болады.

Ауыл халқының саны 11 мыңнан асады. Тұрғындарды осы уақытқа дейін жол мәселесі мазалап келген екен. Атқарылып жатқан жұмыстың нәтижесін ауыл тұрғыны Владислав Гордеевтен сұрап көрдік.

ВЛАДИСЛАВ ГОРДЕЕВ, Саумалкөл ауылының тұрғыны, Айыртау ауданы:

– Осы ауылда туып, өстім. Қандай мәселе барын бүге-шүгесінде дейін білеміз. Әрине, шешуді қажет ететін түйткілдер баршылық. Ауыл көшесін түгел жөндеуден өткізу керек. Су құбырларын тартқаннан кейін жолдың көп бөлігі бұзылады. Көліктердің қатынауы қиындайды. Бір қуантарлығы ауылымыз көз алдымызда өркендеп келеді. Мәселенің барлығы бір мезетте шешілмейтіні анық. Уақыт қажет.

Ауылда жолмен қатар жарық мәселесі де өзекті. Округ әкімінің айтуынша бұл түйткіл де алдағы уақытта толығымен шешіледі.

 

Аснурия Абдула