Қоғам

Полицейлердің құттықтауы

Өңір полицейлері 95 жастағы ардагер Дмитрий Сергеевті Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады. Шен таққан мамандардан тұратын үрмелі оркестр мен вокалдық топ майдангердің үйінің ауласында арнайы концерт ұйымдастырды.

Ардагер әскер қатарына 1944 жылдың желтоқсанында шақырылған. Майданда жүріп Оңтүстік Сахалиндегі шайқастарға қатысыпты. Ал соғыстан кейінгі жылдарда Құйбышев атындағы Петропавл зауытында слесарь-жинаушы болып жұмыс істеді. Осы ерен еңбегі үшін қалалық полиция басшылығы Дмитрий Сергеевке ризашылығын білдіруде.

Арнайы концерт ардагердің көңілінен шықты. Шен таққан азаматтарға майдангер өз алғысын білдірді.

ДМИТРИЙ СЕРГЕЕВ, ҰОС ардагері:

– Әскери әндерді тыңдап көңілім босады. Концерт ұнады. Бір жылдары барлық ардагерлердің басы қосылып, осындай концертті тамашалаған едік. Бізді ұмытпай, сый-құрмет көрсетіп жатқан жандарға айтар алғысым зор.

Жалпы, мамырдағы мерекелерге орай өңір полицейлері дәстүрлі түрде бірқатар патриоттық іс-шара өткізді. Мамандар ескерткіштер алдына гүл шоқтарын қойды. Жас қызметкерлер ант қабылдады.

 

Алдияр Айтпаев