Қоғам

“Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіс” атты концерт өтті

АСНУРИЯ АБДУЛА: “Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіс. Осындай атаумен орталық алаңда концерт өтуде. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін Ақан сері атындағы филармонияның әртістері өнер көрсетуде”.

ЕРКЕБҰЛАН ҚАРЫПОВ, Ақан сері атындағы облыстық филармонияның дәстүрлі әншісі:

– Ата-бабаларымыз аңсаған Ұлы Жеңіске арналған керемет шығармалар орындалады. “Музыкада тіл жоқ” дейді ғой. Қазақша, орысша әндер айтылады. Домбырамен де жыр шырқалады.

50-ден астам жүрекжарды туынды паш етілді. Соғыстың қайғылы сәттерін жүрекке жеткізді. Ашық аспанның қадірін ұғындырды.

Жиналған көрерменнің қарасы қалың. Көпшілік со кездегі сарбаздардың әскери формасын киіп, қолдарыңа шар ұстаған. Мерекені тағатсыздана күткендей. Батырлардың суреттерін көкке әуелетіп, жұртшылыққа көрсетіп, мақтан тұтып жүргендер де жетерлік.

– Бұл кісі – әкемнің нағашы атасының немері інісі. Ленинградта соғысқан.
– Батырлардың ерлігін әрқашан мақтан тұтамыз. Әрдайым есімізде сақтап жүреміз.
– Мереке құтты болсын. Соғыс ешқашан болмасын.

Ұлы күнді ұлықтаған ауқымды іс-шара 3 сағатқа созылды.

 

Аснурия Абдула