Қоғам

Петропавлда Отан қорғаушылар күні аталып өтілді

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Петропавлдағы Қарасай мен Ағынтай батырлардың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Шараға облыс әкімі Айдарбек Сапаров қатысты.

Геннадий Языков еске алу шарасына жыл да қатысады. Өзі бір кездері шекарашы болып жұмыс істепті. Кеңес-қытай шекарасында күзетте тұрған екен. Сондықтан, азамат кешегі ерлердің ісін жақсы біледі, 7 және 9 мамырда атап өтетін мерекелерге ерекше құрметпен қарайды.

ГЕННАДИЙ ЯЗЫКОВ:

– Баршаңызды Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын. Сарбаздарға денсаулық тілеймін. Ал жастарды Отанды сүюге шақырамыз. Бүгін Қарасай мен Ағынтай батырлардың ескерткішіне көп адам жиылды. Бұл – тұрғындардың тарихқа, бабаларға құрметтің белгісі. Еліміз аман болсын!

Ел тарихында арыстандай айбатты ерлер көп болды. Оларды Солтүстік Қазақстан жұртшылығы жақсы біледі. Жастар батырларға құрметпен қарайды.

– Ағынтай мен Қарасай – Жоңғар шапқыншылығы кезінде ерлік көрсеткен батырлар. Олардың ерлігі патриоттық тәрбие тұрғысында ұмытылмайды.
– Ер азаматтарды мерекемен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 

Байболат Култанов