Қоғам

Облыс әкімі Қожатай Некібаевті мерекемен құттықтады

Қожатай Некібаев – Украина елін фашистерден азат еткен батыр. Мектепті аяқтағаннан кейін 1943 жылы әскер қатарына алынды. Ең алдымен бозбала Бурятияға аттанып, әскери шеберлігін шыңдады. Содан соң соғыстың қызған шағында қалаларды басқыншылардан азат ету үшін шайқасқа қатысты. Жеңіс күніне орай өңір басшысы Айдарбек Сапаров Қожатай атаны құттықтауға келді.

 АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Қиын кезде сіздер өздеріңіздің ерліктеріңізбен, қайраттарыңызбен сол соғысты жеңіп алдыңыздар. Сізге біз басымызды иеміз, бұл күн өте қымбатты.

Қожатай ата бүгінде 98 жасқа келген. Сұрапыл соғыс жаңғырығы жадында сақталып қалды.

ҚОЖАТАЙ НЕКІБАЕВ, ҰОС ардагері:

– Алдында келіп келісім шартқа қол қойды ғой 10 жылға Гитлер. Міне, содан кейін соғыс басталды, ал енді біздің әскер жан-жақта бытырап жүрген. Оларды жинап алғанша қаншама жерге фашистер кіріп кетті, тоқтамастан Мәскеудің түбіне дейін барды ғой. Сонда Сталин айтты 43-ші жылы енді бір қадам аттатып ілгері қарай жүргізбеңдер, бір адам қалғанша қорғаныңдар деген болатын.

Майдангер үйіне келіп құрмет көрсеткен жандарға алғысын білдіріп батасын берді.