Қоғам

Академия қызметкерлері ардагерлерге құрмет көрсетті

Ұлттық ұлан академиясының қызметкерлері ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетті. Майдангерлердің үйіне арнайы оркестр барып, әскери әндер шырқады. Мерекелік концерт Қожатай Некібаев, Иван Клименко және Федор Щегловтың ауласында қойылды. Қазыналы қарттарға арнайы сыйлықтар да табыс етілді. Осылайша, бүгінгі күннің қорғаушылары оқ пен оттың ортасында ел мен жер үшін соғысқан жандарға алғыс білдірді. Айта кетейік, бүгінгі күні 7 соғыс ардагерінің көзі тірі.

 

Алдияр Айтпаев