Қоғам

Жеңіс лентасы таратылды

Өңірімізде 9 Мамыр күніне орай «Жеңіс лентасы» акциясы бастау алды. Шараға еріктілер ат салысып жатыр. Арнайы ленталар тұрғындар көп жүретін 5 сауда орталығында таратылуда. Белсенділер кешеден бері мыңға жуығын табыс еткен.

ЖАНАТ КӘКІМОВ, қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі:

– Бұл акцияның мақсаты – бейбіт күніміз бен тыныш өміріміз үшін Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету. Қаламыздың белсенділері түскі сағат 12-ден бастап 3-ке дейін, кешке 5-тен 7-ге дейін жұмыс істейді. Ленталар тегін. 10 мыңға жуық арнайы лента тарату ойымызда бар.

 

Гульден Симбаева