Балалар

«Sensitive» би театры халықаралық байқаудан жүлделі оралды

«Sensitive» би театры тағы да үздіктер қатарында. Осы жолы теріскейлік өнерпаздар 29 сәуір мен 4 мамыр аралығында Дубайда өткен халықаралық фестивальға қатысты. Ел намысын “Sensitive” би театрының солистерімен қоса есту қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернатының тәрбиеленушілері қорғады. Ерекше дарынды балалар «Dance-Fest Dubai» өнер конкурсында гран-при иеленді. “Дуэт” және “Соло” номинациясы бойынша 1-ші орын алған. Жалпы, олар байқаудың 4 жүлдесін қанжығаға салды.

ОЛЬГА РОСТОВЩИКОВА, «Sensitive» би театрының көркемдік жетекшісі:

-«Дуэт» номинациясында Евгений Кузьмин және Екатерина Воропаева, «Соло»-да Даниал Қанғожин 1-ші орын алды. Қазылар алқасы табыс еткен арнайы сыйлықтар да болды. Мектеп-интернат тәрбиеленушілері алғаш рет шетелге шықты. Олар да 1-ші орын иеленді. «Самбо» және «Вена вальсі» билерін биледі.

ИЛЬЯ НАЙМАНОВ, «Sensitive» би театрының бишісі:

– Қатты қобалжыдым. Дегенмен, жақсы өнер көрсеттім.

СОФИЯ КОЛОСОВА, «Sensitive» би театрының бишісі:

– Байқауға тыңғылықты дайындалдық. “Дода қалай өтеді екен? Қарсыластарымыз қандай екен?” деген ойлар болды. Алда әлі биік белестерді бағындырамыз деген ойдамын.

 

Самал Жунусова