Қоғам

Полицейлер ІІО ардагерін мерекемен құттықтады

Жеңіс күні қарсаңында полиция департаментінің басшылығы ІІО-ның ардагері Владимир Ипполитовқа барып қайтты. Тыл еңбеккері Түмен облысында дүниеге келген. Владимир Терентьевичтің әкесі 42-ші жылы соғыста із-түссіз кеткен. Өзі балалық шағында да, жас кезінде де өмірдің қиындығын көп көрген. Ішкі істер органдарына қызмет етіп, облыстық ішкі істер басқармасының кезекші бөлімі бастығының орынбасары лауазымында жүріп 85-ші жылы майор шенінде зейнетке шығады. Зайыбымен бірге 2 қыз тәрбиелеп өсірген. Айдын Қабдұлдинов қарияны Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, сіңірген еңбегі мен жас буынға беріп жатқан тәрбиесі үшін алғысын білдірді.

 

Гульден Симбаева