Аптадағы маңызды жаңалықтарҚоғам

«Парыз» байқауына өтініш қабылдау жүріп жатыр

Елімізде «Парыз» байқауына өтініш қабылдау жүріп жатыр. Ағымдағы жылдың 13-ші сәуірінде бастау алған науқан 1-ші шілдеде аяқталады. Конкурс қос кезеңнен тұрады. Оған тек жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.

АЛТЫНБЕК ӘНУАРБЕК, СҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы:

– Конкурсқа қызметін кемінде 3 жыл жүзеге асырып жүрген, тарату сатысында емес, банкрот деп танылмаған, берешегі жоқ, қызметкерлерімен еңбек дауы жоқ және жарғылық капиталдардағы мемлекеттің қатысу үлесі кемінде 50 пайызды құрайтын үміткерлер қатысады.

Солтүстікқазақстандық іскер жандар «Парыз» байқауына жауапкершілікпен қарайды. Дәстүрлі конкурсқа өңірімізден жыл сайын 30-ға жуық кәсіпкер қатысады екен. Нәтиже бар. Мысалы, былтыр жергілікті 3 кәсіпорын жеңімпаздар қатарынан көрініпті.

АЛТЫНБЕК ӘНУАРБЕК, СҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы:

– “Экологияға қосқан үлесі үшін” аталымында ірі бизнес субъектілері арасында “Радуга” ЖШС 1-ші орын иеленді. Ал шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында “Жылдың үздік әлеуметтік жобасы” арнайы сыйлығын “Мамбетов және К” КС еншіледі.

Сонымен қатар, “Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын” аталымында “Ақселеу” серіктестігі топ жарыпты.

 

Байболат Култанов