Денсаулық сақтау

Үздік жедел жәрдем жүргізушісі

Шақырту түсті ме науқасқа баратын медициналық қызметкерлер де, оларды жеткізетін жүргуші де дайын болуы керек. Көлік сақадай сай тұруы қажет. Оның техникалық жай-күйі мен мекенжайға уақытында жету де жүргізушіге байланысты. Оған қоса биылдан бастап рөлдегі адам фельдшердің базалық жұмысынан хабардар болуы қажет. Неге? Өйткені,
шұғыл жағдайда фельдшерге көмек керек болса жүргізуші қол ұшын созады. Міне, бір жәдел жәрдем көлігінің жүргізушісіне артылған жауапкершілік зор.

Жүргізушілер бүгін медициналық көмек көрсетуден сынға түсуде. Мерген Әділбаевтің жедел жәрдем қызметінде жұмыс істеп жатқанына 2 жыл болған.

МЕРГЕН ӘДІЛБАЕВ, облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының жүргізушісі:

– Жедел жәрдемде жұмыс істеу арманым деп айтуға болады. Адамдарға, фельдшерлерге көмектесуге тырысамыз.

Жедел жәрдем жүргізушісі болып жұмысқа орналасу оңай емес. Оларға қойылған талап жоғары.

ЮРИЙ БЕЛОНОГ, облыстық жедел медициналық жәрдем орталығы директорының міндетін атқарушы:

– Жүргізуші болып орналасқысы келетіндер қатал іріктеуден өтеді. Олар жол қозғалысы ережелерін, қаланың әр көшесін жіті білулері қажет. Қазіргі уақытта барлық жүргізушілеріміз фельдшерлердің базалық білімін жетік біледі. Арнайы курстар ұйымдастырамыз. Дәрігерлер оларға сабақ өткізеді.

Облыс бойынша жедел жәрдем қызметінде 150-ден астам адам еңбек етеді.

 

Самал Жунусова