Қоғам

Қазақ тілін білу – азаматтық парыз

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы жайлы брифинг өтті. Журналистермен жүздесуде сөз алғандар – қоғамдық-саяси институттың облыстық филиалы төрағасының орынбасары Владимир Витченко мен үстіміздегі жылдың басында құрылған ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов. Спикерлер алқалы басқосуда Президент көтерген әр бастамаға тоқталды. Өзіндік ой білдірді. Ел ағасы Ескендір Есмақұлы мемлекет басшысы жеке тоқталған қазақ тілінің мәртебесі артқанын қалайды.

ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, ҚХА СҚОФ ақсақалдар кеңесінің төрағасы:

– Президент қазақ тілін білмейтін өзге ұлт өкілдеріне қудалаушылық болмауы керек деді. Біз ол кісілердің тіл үйренуіне жағдай жасауымыз қажет. Жоғары қызметтегі адамдардың барлығы қазақ тілін білуі тиіс.

 

Байболат Култанов