Қоғам

Жеңістің 78 жылдығына арналған жиын

Жеңістің 78 жылдығына орай И.Шухов атындағы қалалық кітапханада «Ұмытуға болмайды» атты жиын өтті. Шара басталмас бұрын жиналғандар соғыста ажал құшқан адамдарды 1 минуттық үнсіздікпен еске алды.

Кейін Жеңіс туралы ән айтылып, қойылым сахналанды. Өнер көрсеткен – Н.Погодин атындағы облыстық драма театрының актерлері.

Жастардың өнерін Ирина Седельникова тамашалап отыр. 87 жастағы кейуананың тағдыры сан қилы. Ол небәрі 5 жасында ата-анасымен Ленинград қаласында жаудың қоршауында қалып, 900 күнге созылған азапты бастан кешкен. Сөз берілгенде жерлесіміздің көзіне еріксіз жас келді.

ИРИНА СЕДЕЛЬНИКОВА, блокадашы:

– Жиынға облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері, Ұлттық ұлан академиясының курсанттары және «Жас сарбаз» клубының өкілдері қатысты. Кітапхана ұжымы Жеңіс күні қарсаңында осындай жиындардан бөлек, “Ардагерлерге құрмет” акциясын өткізуді дәстүрге айналдырыпты.

АЙТОЛҚЫН НӘБИЕВА, И.Шухов атындағы қалалық кітапхананың қызметкері:

– Бұл іс шараның мақсаты – ҰОС кезінде қаза тауып, бүгінгі күнге жете алмаған жауынгерлерді еске алу. Олардың есімдерін және ерліктерін өскелең ұрпаққа түсіндіру.

Кітапхананың кіреберісінде «Соғыстың мәңгі беттері» атты көрме де қанат жайыпты. Онымен кез-келген адам таныса алады.

 

Гульден Симбаева