Құқық қорғау органдары

СҚО-да биыл тіркелмеген 55 қару тәркіленді

Полицейлер тіркелмеген қару сақтаушылармен күресті жалғастыруда. Жақында мамандар суық қаруды Ғ.Мүсірепов ауданының 56 жастағы тұрғынынан тәркіледі. “ИЖ-58” қос ұңғылы мылтық қосалқы үйжайда табылған. Оған ер адамның рұқсат құжаттары болмаған. Жалпы, жыл басынан бері өңірде тіркелмеген 55 қару тәркіленді. 3 солтүстікқазақстандық полицияға табылған қару туралы мәлімдеді. Тағы 16 адам заңсыз сақталған қару-жарақты өз еркімен келіп тапсырған. Бұл азаматтар әкімшілік жауапкершіліктен босатылды.

 

Алдияр Айтпаев