Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан биыл 4 млн тоннаға дейін астық экспорттауды жоспарлап отыр

Қазақстан биыл 4 млн тоннаға дейін астық экспорттауды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Сондай-ақ, ол бірінші кезекте Қазақстандық агроөнеркәсіптік өнімдерді өткізудің жаңа бағыттарын игеру жоспарлары туралы айтты.

Серік Жұманғариннің айтуынша, Қазақстан Ауғанстанмен Түрікменстан арқылы жаңа бағыттар ашу бойынша келіссөздер жүргізуде. Вице-премьер Қазақстан мен Өзбекстанның тауарлар транзитіне мүдделі екенін және тепе-тең негізде келіссөздер жүргізіп жатқанын атап өтті.