Құқық қорғау органдары

Балаларға жол ережелері түсіндірілді

– Когда машина едет; свет фары отсвечивает и вы уже будете заметны.

Полиция қызметкерлері №13 орта мектебінің оқушыларымен кездесу өткізді. Мамандар ұл-қыздарға жол ережелерін түсіндірді. Тәртіп сақшыларының айтуынша жол-көлік оқиғалары тек көше қиылыстары мен қала сыртындағы жолдарда ғана емес, үйлердің аулаларында да болады. Осы орайда балаларға сақ болу қажеттігін айтты.

ӘСЕМГҮЛ ӘЛІБАЕВА, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

– Естеріңізге саламыз, жолдың жүру бөлігінде велосипедпен тек 14 жастан рұқсат етіледі. Велосипедшілер жолдың тек оң жақ шеткі бөлігімен жүруі тиіс. Сондай-ақ, міндетті түрде велосипедте катафоттары, алдыңғы және артқы шамдары және басқа да жарық шағылыстыратын элементтері мен дыбыстық белгілері болуы тиіс.

Скутер мінген жүргізушілер де полиция қызметкерлерінің назарында. Айта кетейік, былтыр скутер тізгіндеген жандардың қатысуымен 4 жол-көлік оқиғасы болып, 5 адам зардап шеккен.

Жалпы, биыл облыста 35 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 3 адам қаза тауып, 65 адам жарақат алды. 20 жағдайда көліктер бетпе-бет соғылған, 9 жол апатында жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

 

Гульден Симбаева