Қоғам

Айыртаудың ірімшігі бірнеше өңірге саудаланады

“TEZIS” серіктестігі – Айыртау ауданының мақтанышы. Кәсіпорын тәулігіне 1 тонна ірімшік өндіруге қауһарлы. Мұнда халықтың жоғары сұранысына ие
моцарелла, сулугуни, сүрленген және ерітілген өнімнің 25 түрі дайындалады. Серіктестік директоры Артем Теннің айтуынша, тауардың құны нарықтағыдан төмен. Мысалы, сулугунидің келісін 3,5 мың теңгеге сатып алуға болады.

АРТЕМ ТЕН, “TEZIS” ЖШС директоры, Айыртау ауданы:

– Кәсіпорындағы қондырғылар Болгария мен Италиядан алынған. Барлығы жаңа, технология заманауи. Серіктестік тәулігіне жалпы 6 тонна өнім шығаруға қауһарлы. Сонымен қатар, жеке зертханамыз бар.

Қызметкерлердің орташа жалақысы 140 мың теңгені құрайды. Қазіргі таңда серіктестікте 15 адам жұмыс істейді. Солардың бірі – Нұрикамал Каримова.

НҰРИКАМАЛ КАРИМОВА, “TEZIS” ЖШС қызметкері, Айыртау ауданы:

– Жұмысқа жақында орналастым. Бұған дейін зертханашы болып қызмет еттім. Мұнда барлығы көңілімнен шығады. Қызметкерлерге қолайлы жағдай жасалған. 9-дан кешкі 6-ға дейін еңбек етеміз. Тауарды қаптап, жәшіктерге салам. Ешқандай ауыр зат көтермейміз. Осында өзім секілді 3 әйел тер төгеді.

Айта кетейік, осы жылдың қаңтар айында Саумалкөлде ірімшік өнімдерінің алғашқы партиясы шыққан. Табиғи таза тауар еліміздің бірнеше өңіріне саудаланыпты. Қазір теріскейлік өнім тұрғындардың жоғары сұранысына ие екен.

 

Аснурия Абдула