ТКШ

Сумен қамту

Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауылдарды сумен қамтамасыз етуде баяу динамика байқалады. Бұл жайлы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлімдеді. Бұл ретте биыл сумен қамту және су бұру жүйелерін салып, жаңғырту бойынша 27 жобаны жүзеге асыруға қаражат бөлінген. Жұмыстар Ақмола, Алматы, Атырау, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жүргізілмек. Айта кетейік, қазір республикада ұзындығы 15,5 мың шақырым болатын 80 топтық су құбыры бар. Олар 1,4 млн адамды, 655 ауылдық елді мекенді таза ауыз сумен қамтамасыз етіп тұр.

МАРАТ ҚАРАБАЕВ, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

– Таза суды тарту бойынша кезеңдік жоспар әзірленіп, соған сәйкес барлық елді мекен қамтылатын болады. Әрбір қалалық және ауылды елді мекенге байланысты мониторинг жүргізіліп келеді. Оның ішінде іздестіру-барлау жұмыстары, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және құрылыс-монтаж жұмыстарын іске асыру мәселелері бар.

 

Алдияр Айтпаев