БалаларМәдениет

Студенттер флешмобы

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай облыс орталығында түрлі ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі – жастар ресурстық орталығы өкілдерінің бастамасымен өткен флешмоб. Шараға колледж студенттері қатысты. Жастар қала тұрғындарын мейраммен құттықтау үшін орталық алаңға жиналып, өнерлерін паш етті.

ДАНАГҮЛ ӘЛІМЖАНОВА, Е.Серкебаев атындағы өнер колледжінің студенті:

– Біз осы флешмобқа 1 ай бойы дайындалдық. Өнер колледжінде оқығандықтан аса қатты қиындық туындамады. Жалпы, барлығымызға мереке құтты болсын, аспанымыз ашық, бірлігіміз жараса берсін.

Бұл күні орталық алаңда адам аяғы таңнан бері сиремеді. Өнер ұжымының деңгейін жиналған қауым жоғары бағалады. Барынша қолдап, ризашылықтарын білдірді.

-Барша солтүстікқазақстанндықтарға Бірлік күні құтты болсын. Отанымызда бейбітшілік, аспанымыз ашық болсын, көретініміз тек қызық болсын.

Жалпы, флешмобқа қатысқандардың саны 100-ге жуықтайды. Концертте би мен қоса жанды дауыста ән де шырқалды. Өнерпаздар көрерменге ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.