Қоғам

Беларустық аяқ киім жәрмеңкесінің қатары толықты

Аяққа жеңіл әрі сапалы беларустық аяқ киімдердің жәрмеңкесі жалғасуда. Қала тұрғыны Раиса Недолуга тек беларустық өнімді таңдайды екен. Зейнеткер тауардың ыңғайлылығына мән береді. Ол бүгін жәрмеңкеден жеңілдікпен қысқы аяқ киім сатып алыпты.

РАИСА НЕДОЛУГА, қала тұрғыны:

– Қысқы аяқ киім алдым, енді жазғы аяқ киім қарастырып жүрмін. Маған беларустық тауарлар ұнайды. Аяқ киімдері жеңіл. Зейнеткерлерге қажеті осы.

Айта кетейік, беларустық жәрмеңке жаңа өнімдермен толықты. Мұнда жуырда 300-ге жуық жұп жазғы аяқ киім келіп түсті. Үстелдің үстінде 600-ден астам шетелдік өнім бар. Олардың басым бөлігі ортопедиялық. Саудагерлер бүгінге дейін біраз тауарды сатып үлгерген. Сондай-ақ, қысқы тауарларға жеңілдік қарастырылған.

АЛЕНА СОТСКОВА, сату жөніндегі менеджер:

– Бізде қысқы сырт киімдерге – 50 пайыз, ал қысқы аяқ киімдерге 30 пайыз жеңілдік бар. Тауарлардың бағалары қолжетімді. Сыртқы киімдердің өлшемдері 40-тан бастап 70-ке дейін.

Жәрмеңке тұрғындардың сұрауы бойынша мамырдың 7-сіне дейін жалғасады. Орналасқан жері – Теннис орталығы. Жәрмеңке таңғы 10-нан кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

Гульден Симбаева