Қоғам

Шетелден келетін сүтке тексеріс жүргізілді

Өзге елдердің өнімі қаншалықты қауіпсіз? Стандарттарға сай келе ме? Жақында тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау қауымдастығы арнайы тексеріс жүргізді. Зерттеу үшін дүкен сөрелерінен Ресей мен Беларусь елінде шығарылған сүт алынды. Нәтижесінде мамандар бұзушылық анықтады. Шекара асырылып келген өнімдер қазақ тілінде таңбаланбаған. Яғни, құрамы мен жарамдылық мерзімі мемлекеттік тілде көрсетілмеген. Бұл әрине стандарттарға қайшы. Бірақ, соған қарамастан тауарлар сатылып келген.

НАДЕЖДА ДУБОВАЯ, СҚО тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау қауымдастығының төрағасы:

– Қазақстандық талап бойынша тауардың құрамы мен жарамдылық мерзімі қазақ және орыс тілдерінде жазылуы керек. Бұл туралы тұтынушылардық құқықтарын қорғау заңнамасында жазылған. Хаттама толтырылды. Бұзушылық жайында мемлекеттік органдарға хабарладық. Шектау шаралары мен жазаны сол тарап қабылдайды. Алдағы уақытта тұрғындар көп тұтынатын өнім түрлеріне тағы тексеріс жүргіземіз.

 

Алдияр Айтпаев