Қазақстан жаңалықтары

Мәулен Әшімбаев ҚР Парламенті Сенатының отырысында Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту жолында ортақ күш-жігерді біріктірудің маңыздылығын атап өтті

Мәулен Әшімбаев ҚР Парламенті Сенатының отырысында Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту жолында ортақ күш-жігерді біріктірудің маңыздылығын атап өтті.

Отырысты ашқан Палата Спикері сенаторлардың назарын Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының 32 сессиясы барысында айтқан міндеттеріне аударды.

Отырыс барысында “Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы” заң жобасы қаралды.

Сондай-ақ, сенаторлар өздерінің депутаттық сауалдарын, соның ішінде су қоймаларын салу, педагогтардың әлеуметтік мәртебесін көтеру және мұнай экспортының квотасын ұлғайту жөніндегі ұсыныстарын айтты.